×

Бірі марқұм болып кеткен: Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға сот үкімі шықты

4 адам жазадан босатылды

 Халық үні 19.05.2023 | 14:46
Фото: Zakon.kz

Алматы сотында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша 25 сотталушыға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қаңтар оқиғасына қатысқандарға сот үкімі шықты.

Сот 2022 жылдың 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының түрлі бөлігінде 25 сотталушының жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкетті, қауіпті өндірістік нысаның аумағына, сондай-ақ арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кіргенін анықтады.

Бұл елеулі залал тигізіп, басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқты. Сондай-ақ олар алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің оқ-дәрілерін, атыс қаруларын ұрлап әкеткен, төтенше жағдай жарияланған жерде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдар тобы алдын ала сөз байласып, билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіргені және жойғаны анықталды, - делінген Алматы соты таратқан ақпаратта.⠀

Жаза тағайындау кезінде мынадай мән-жайлар ескерілді:

  • Сотталушылардың кінәларын толық және жартылай мойындауы;
  • бұрын сотталмағаны;
  • жеке басы, жас мөлшері, құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы;
  • кәмелетке толмаған балаларының болуы;
  •  қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі;
  • қылмыстық құқық бұзушылықты төтенше жағдай кезінде жасауы.⠀

Сот үкімімен 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды.

4 адам Рақымшылық туралы заң қолданылып, олар жазадан босатылды.

1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама