×

Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен (ВИДЕО)

Әкесіне айыппұл салынды

 Динара Амантай 17.05.2023 | 16:25
Фото: sarreg.ru

Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Соның салдарынан әкесі жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталған. Көлік иесінің айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы білмеген.

Әкесі ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК айыппұл салынды. Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама