×

Жамбылда такси жолаушысынан 5 келі марихуана тәркіленді

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады

 Динара Амантай 16.05.2023 | 16:59
Фото: polisia.kz

Жамбылда такси жолаушысынан 5 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолының 260-шақырымында аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Honda Accord автокөлігін тоқтатқан. Автокөліктің жүксалғышынан жолаушы болып келе жатқан Астана қаласының 38 жастағы тұрғынына тиесілі, жалпы салмағы 4 келі 700 грамм кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакеті табылды.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама