×

Алматыда полициядан қашқан мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Күдікті жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзған

 Дәурен Ерболат 16.05.2023 | 14:10
Фото: autolegal.ru

Алматыда полициядан қашқан 22 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түнгі сағат 00:00 шамасында 102 пультіне қаладағы Халиуллин мен Талғар тракті көшелерінің қиылысында көлік апаты болғаны туралы хабарлама түскен. Қоңырау шалушының айтуынша, Lada жүргізушісі тұрақта тұрған көлікті соғып, қашып кетпек болған.

Патруль көлігін көрген Lada жүргізушісі артқа шегінуге асыққан. Полиция көлікті біраз қуып тоқтатты. Рөлді 22 жастағы жүргізуші басқарған. Медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Оның айтуынша, күдікті бірнеше рет заң бұзған.

Мысалы, олар – көлікті мас күйде басқару (ӘҚБтК-нің 608-бабы), көлік апаты болған жерден кетіп қалу (ӘҚБтК-нің 611-бабы), жалған мемлекеттік нөмірді пайдалану (ӘҚБтК-нің 613-бабы), қарсы жолаққа шығу (ӘҚБтК-нің 596-бабы), жолда апатты жағдай туғызу (ӘҚБтК-нің 606-бабы), бағдаршамның қызыл түсінде қиылыстан өту (ӘҚБтК-нің 599-бабы), белгілердің талаптарын бұзу (ӘҚБтК-нің 601-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау (ӘҚБтК-нің 593-бабы), көліктің техникалық жағдайын бұзу (ӘҚБтК-нің 590-бабы), - деді басшы.

Көлікті мас халде басқару дерегі бойынша өндіріс материалдары сотқа жолданды. Автомобиль мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама