×

Арбада отырып билеуден әлем чемпионы Малика Мұхтарова өмірден өтті

Мәлика Мұхтарова 2000 жылы 21 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген

 Халық үні 15.05.2023 | 11:55
фото: facebook.com/askhat.mayemirov

Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Малика Мұхтарова 23 жасында дүние салды.

Малика туралы қаралы хабарды Астана әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров жеткізді.

Мәлика Мұхтарова 2000 жылы 21 наурызда Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында дүниеге келді. Қостанай қаласындағы Гафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектепті тәмәмдады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін аяқтады.

Пара спорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Арбаға отырып спорттық би билеуден Республикалық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың жеңімпазы.

Маликаны Қазақстанның ерекше жандар театр әлемінде актриса ретінде танытқан бейнесі Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» (Қызжылаған) драмасындағы Ләйла ролі.

«Мәңгілік бала бейне» драмасы - тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясындағы шоқтығы биік туынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама