×

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК 11 қызметкері жауапқа тартылып жатыр

Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызметтік тергеу жүргізілген

 Дәурен Ерболат 15.05.2023 | 11:20
Фото: ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері жауап тартылып жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кей іс бойынша тергеу аяқталды, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл (қаңтар оқиғасы бойынша)  қылмыстық қудалаумен байланысты, - деді Марат Қалқабаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызметтік тергеу жүргізілген.

«ҰҚК қаңтар оқиғасынан кейін бірден қызметтік тергеу жүргізді. Бұйрық талабына және қызмет атқару тәртібіне, оның ішінде шенеуніктер жауапкершілігіне қатысты елеулі өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ заң жобасына («Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») патриотизм мен әрбір лауазымды тұлғаның іс-қимыл алгоритміне қатысты түзетулер енгізіліп жатыр», - деді төраға орынбасары.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы салдарынан 238 адам көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама