×

Павлодарда күшікті 3-қабаттан лақтырып өлтірген ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу басталды

 Еркеғали Болатұлы 14.05.2023 | 18:32
фото: wp-s.ru

Павлодарда ер адам күшігін жұртшылықтың көзінше көп қабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Ақпарат Instagram-дағы «Павлодар жүректері» парақшасында жарияланған.

Мас адам күшікті терезеден лақтырып жіберді. Күшік бірден өлді. Балалар мұның бәрін көріп, мас адамның қалай еңкейіп, күшікті терезеден лақтырып жібергенін айтып берді. Балалар жылап қалды. Маскүнемге айып тағылып отыр, - делінген ақпаратта.

Бұл оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Оқиға орнына жеткен полицейлер Торайғыров көшесіндегі үйдің 3-қабатындағы терезеден 54 жастағы азаматтың күшігін лақтырып жібергенін анықтады. Ер адам мас болғандықтан, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама