×

Діни рәсім арқылы орманда өзін-өзі өлтіріп жатқандар 201-ге жетті

Қазір тағы жүздеген адам із-түзсіз жоғалып отыр

 Еркеғали Болатұлы 14.05.2023 | 17:40
фото: REUTERS/Stringer

Кенияда діни рәсім құрбандарының саны 201 адамға жетті. Олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өлуге бекінген. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Аймақ билігінің хабарлауынша, Шакахол орманынан халықаралық «Қайырлы хабар» шіркеуі ізбасарларының тағы 22 мәйіті шығарылған. Осылайша, бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы саны 201-ге жетті.

Қазір Кенияның барлау агенттіктері орманды тінтуге кіріскен. Өйткені қазір тағы жүздеген адам із-түзсіз жоғалып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Кенияда «Қайырлы хабар» сектасының тұрғындардың миын улап тастағаны хабарланған болатын. Салдарынан олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өліп жатыр. Ал жұрттың миын улап тастаған Пол Макензи Нтенге бұған дейін де бірнеше мәрте діни экстримизмге қатысы бар деген күдікпен айыпталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама