×

Ақмолалық полицейлер жоғалған үйірді иесіне тауып берді

 Ая Өміртай 14.05.2023 | 14:50
фото: дереккөз

Ақмола облысының полицейлері құны 5 млн теңге болатын үйір жылқыны иесіне қайтарып берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айта кетсек, Макинск қаласының тұрғыны Бұланды ауданының полиция бөліміне өзінің 14 бас жылқысы жоғалғанын айтып жүгінген. Оның айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда жүрген жерінен жоғалып кеткен.

«Жоғалған жылқыларды іздестірген полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шықты. Іздеу іс-шараларына еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты.

Полицейлер жылқыларды көрші аудан – Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапты. Қазір барлық 14 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама