×

Түркияға қомақты ақшаны заңсыз өткізбек болған ер адам ұсталды

Ол «Астана-Анталия» бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде көзге түскен

 Динара Амантай 13.05.2023 | 15:32
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Астанада шетелге ірі көлемде декларацияланбаған валютаны өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамырда «Астана» өткізу пунктінде Шекара қызметі және «Астана-Әуежай» кедендік бекетінің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде ірі көлемдегі декларацияланбаған валютаны өткізу әрекетінің жолы кесілген.

«Астана-Анталия» бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде жолаушылардың бірінен 92 855 евро, 28 750 рубль, 9 510 АҚШ доллары мөлшерінде ақша анықталды.

Ұсталған адам тексеріс жүргізу үшін кедендік бекет қызметкерлеріне берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама