×

Петропавлда мас адамдар 3 жасөспірімді ұрып-соққан

Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді

 Динара Амантай 12.05.2023 | 10:32
Фото: polisia.kz

Петропавлда мас ер адамдар 3 жасөспірімді ұрып-соққан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7 мамырда сағат 00:58-де жергілікті сақшыларға Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында белгісіз адамдардың жанжал кезінде 16 жастағы 3 жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелді. Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама