×

Павлодар облысында таксист жолда ұйықтап кетіп, патурльдік автокөлікке соқтығысты

Салдарынан 3 адам жарақат алды

 Динара Амантай 11.05.2023 | 16:04
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында көлік жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп, патурльдік автокөлікке соқтығысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Омбы-Майқапшағай автожолының 559-шақырымында, Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары – Өскемен қаласының 26 жастағы, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді. Өз кезегінде автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқырауықтар мен фаралар қосылған.

Өзінің айтуынша, жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен.

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама