×

Астана орталығында салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді (ВИДЕО)

Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 11.05.2023 | 15:40
Фото: Halyq Uni

Елордада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

11 мамырда сағат 15:01-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына аттанды. Оларға Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттан қара түтіннің шыққаны туралы ақпарат түсті. Мамандар өрт шыққан жерге келгеннен кейін жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы қаптама жанып жатқанын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Өрт 15:17-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама