×

Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Өзгерістерге «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағындағы аялдаманың уақытша жабылуы себеп болған

 Халық үні 11.05.2023 | 10:17
Фото: Halyq Uni

Астанада сегіз автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлады Halyq Uni.

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағындағы аялдаманың уақытша жабылуына байланысты, № 2, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 60 бағдарының қозғалыс сызбасы өзгерді, - деп хабарлады  City Transportation System.

Соған байланысты компания тұрғындардан сапарды алдын ала жоспарлауды сұрады.

Сондай-ақ Мәңгілік ел даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты,№ 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгертулер енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама