×

Атырауда журналистің көлігі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Оқиға 11 мамыр сағат 04:21 шамасында болған

 Халық үні 11.05.2023 | 09:34
Фото: Inform.kz

Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кетті. Жергілікті полиция оқиғаның 11 мамыр сағат 04:21 шамасында болғанын хабарлады.

Сол уақытта қалалық полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрген.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ. Оқиға орнында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі, - деп хабарлады полиция.

Болған оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Жәбірленушінің өтініші Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама