×

Қазақстан Қарулы күштерінің сапында 7 мыңға жуық әйел бар

Оның 800-ге жуығы – офицер

 Еркеғали Болатұлы 07.05.2023 | 17:37
фото: ашық дереккөз

Бүгінде ҚР Қарулы күштерінде 7 мыңға жуық әйел келісімшарт бойынша еңбек етіп жүр. Оның көбі қатардағы жауынгер, сержанттық және офицерлік қызмет атқарады.

Жалпы, әскердегі әйелдердің ішінде 800-ге жуық офицер, 2 мыңға жуық сержант және 4 мыңға жуық қатардағы жауынгер бар.

Жеті әйел жоғары лауазымдарда. Атап айтқанда, Қорғаныс министрінің көмекшісі, Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, әскери госпиталь, база, орталық және лазарет бастығының орынбасары, - деп мәлімдеген Қорғаныс министрлігі ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауапта.

Еске сала кетсек, бүгін – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама