×

Жүк көлігін басып озбақ болған Hyundai Tucson тасжолдан аударылып кетті

54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды

 Еркеғали Болатұлы 07.05.2023 | 16:20
фото: дереккөз

Бүгін Жетісу облысында жол апатынан 2 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 360-шақырымында болған.

Hyundai Tucson жүргізушісі ГАЗ-53 жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, салдарынан жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама