×

Алматыда заңсыз салынған ғимарат сүрілді

Қала құрылысын бақылау басқармасы қала тұрғындарын сақ болуға шақырады

 Динара Амантай 06.05.2023 | 12:31
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда сот шешімімен заңсыз салынған ғимарат сүрілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Бөгенбай батыр көшесі, 24-үй мекенжайындағы 4 қабатты ғимарат заңсыз салынған. Соттасу мен апелляциядан кейін Жоғарғы Сот бұл іске нүкте қойып, 2022 жылдың 30 қарашасындағы бірінші сатылы және Алматы қалалық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Сот орындаушыларының қатысуымен кеше құрылысты бұзу басталды.

Тағы бір мекенжай бойынша басқарма қызметкерлері пәтерлерді сату туралы хабарландыруды анықтады. Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы жер телімінде құрылыс 2005 жылы басталған, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Меншік иесі өзгерген соң, сол учаскеде заңсыз сауда нысандары салынды. Биыл 2 мамырда оны бұзу туралы шешім қабылданды. Қазір сот шешімінің заңды күшіне енуін күтіп отыр.

Қала құрылысын бақылау басқармасы қала тұрғындарын сақ болуға шақырады. Пәтерлерді сатып алмай тұрып, салынып жатқан ТҮК құжатының бар-жоғын +7 (727) 229-81-36 жедел желі нөмірі бойынша тексеруді ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама