×

Қызылорда облысында сексеуілді кескен ауыл тұрғыны ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.05.2023 | 12:26
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында сексеуілді кескен ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде «Киік», «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шаралары өтіп жатыр. Іс-шаралардың мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасына қатысты бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында 4 мамырда 48 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы ЗИЛ жүк көлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан заңсыз кесілген, көлемі 3 куб сексеуіл бұтасы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен («Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған орай, Қызылорда облысының ПД аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама