×

Семейде ер адам әйелін аяусыз ұрып-соққан

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды

 Динара Амантай 04.05.2023 | 13:09
Фото: @egovpress

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әйелін аяусыз соққыға жыққан Семей тұрғыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Egovpress Telegram арнасы оқырманының айтуынша, бірнеше рет соққыға жығылған әйелдің миы шайқалған. Ақпаратқа Абай облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

3 мамырда Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны отбасылық жанжал салдарынан алған дене жарақатымен медициналық мекемеге жүгінген. Бұл факті Әуезов аудандық ПБ-да тіркелді. Қажетті тексерулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жәбірленушіге барлық қажетті көмек, оның ішінде психологтың көмегі де көрсетіледі. Қазір жәбірленуші туыстарының жанында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама