Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары тағайындалды

Халық үні

Бұл қызметті енді Дархан Құрақбаев атқарады

Фото: Sputnik.kz

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.