×

Жетісу облысының соты Елтаңбаны далаға тастаған (ВИДЕО)

Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды

 Еркеғали Болатұлы 30.04.2023 | 08:49
фото: ашық дереккөз

Жетісу облысының соты Елтаңбаны ауласына тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл видео желіге жарияланып, полиция бірден шара қолданған.

Желіге жарияланған видеодан Елтаңба макетінің Жетісу облыстық соты ғимаратының аумағында жатқанын көруге болады.

Жетісу облыстық полиция департаменті Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанына тасталған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқықбұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 418-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігі инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама