×

Павлодарда оқушылар Әнұран айтып, өзге ұлт өкілінің наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Жолаушының бірі: «Сендер не істеп жатсыңдар?!» - деп ұнатпаған сыңай танытқан

 Дастан Жұмабекұлы 28.04.2023 | 13:55
фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласында қоғамдық көлікте бір топ оқушы мемлекеттік Әнұранды айтып, өзге ұлт өкілінің наразылығын тудырды. Бұл туралы видео әлеуметтік желідегі Сағындық Бекұлан деген азаматтың парақшасында жарияланды.

Павлодар қаласына футболдан жарысқа барған Алматы облысының оқушылары орыстанып кеткен халыққа Әнұран шырқап кетті, - делінген жазбада.

Одан әрі бейнежазба авторы: «Қазақ тілін жастар өзі-ақ трендке айналдырады, сендер қаласаңдар да, қаламасаңдар да…» - деген пікір қалдырған.

Ал автобуста қазақ балаларының мемлекеттік Әнұранды айтқанын ұнатпаған жолаушының бірі: «Сендер не істеп жатсыңдар?!» - деп наразылық танытқан.

Алайда әлеуметтік желіде олардың видеосы көп қолдауға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама