×

Атырауда 1 тоннадан аса заңсыз ауланған балық тәркіленді

36 және 32 жастағы күдіктілер ұсталды

 Динара Амантай 28.04.2023 | 09:56
Коллаж: polisia.kz

Атыраулық полицейлер 1 тоннадан аса заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 сәуірде Құрманғазы ауданының Шарон өзені бойында 1987 жылы және 1991 жылы туған аудан тұрғындарының басқаруындағы қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 келі сазан, жайын, көксерке, қаракөз балықтары тәркіленген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама