×

Павлодарда көлік апатынан жүкті әйелдер зардап шекті

Оқыс оқиға бүгін таңертең болған

 Дәурен Ерболат 27.04.2023 | 17:25
Фото: almaty.tv

Павлодарда көлік апаты тіркеліп, 5 адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға бүгін сағат 09:56-да болған. Көлік апатынан 5 адам жарақат алған.

36 жастағы ер адам, 33 және 25 жастағы әйелдер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Тағы 2 жолаушы: 36 жастағы әйел мен 5 жасар қызға медициналық көмек керек болмаған, – деп жазылған хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 33 жастағы әйел жүктіліктің 16-аптасында, 25 жастағы әйел 8-аптасында болған.

«Бірінші әйел жағын, екіншісі ернін ауыртып алған. Екеуі де үйде емделетін болды. Ер адам басынан жарақат алды. Дәрігерлер оған да үйде емделуге кеңес берді», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама