×

Шымкентте 2 әйел тұрғындарды 395 млн теңгеге алдап кеткен

Олар 10 жылға сотталуы мүмкін

 Динара Амантай 27.04.2023 | 16:07
Фото: gov.kz

Шымкентте 2 әйел тұрғындарды 395 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына Шымкент қаласының 121 тұрғыны арызданып, онда 2 әйелдің мемлекет тарапынан төмен пайызбен пәтер алып береміз деп жалпы 395 млн теңге қаражаттарын алаяқтық жолмен жымқырғандарын көрсеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Прокуратура органы қылмыстық іс бойынша тергеу органына жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және заңда көзделген барлық шараларды қолдану мақсатында жазбаша нұсқау берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде кінәлілер анықталып, олар Қылмыстық кодексте көзделген 10 жылға дейінгі бас бостандығын айыратын ауыр санаттағы қылмысты жасағаны үшін сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама