×

Алакөлде балық аулаған браконьер ұсталды

Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден асты

 Динара Амантай 27.04.2023 | 12:12
Фото: polisia.kz

Алакөлде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жетісу облысының тәртіп сақшылары өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, Алакөл бассейнінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам Абай облысының тұрғыны болып шықты. Одан тәртіп сақшылары заңсыз ауланған 30 келі көксерке балығын тәркіледі.

Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден асты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді, – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Балықтар сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді. Одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама