×

БҚО-да әскери комитеттің қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 27.04.2023 | 11:47
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында аудандық қорғаныс істері бөлімі қызметкерінің пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, аталған лауазымды адам әскери қызметке «жарамсыздығы» және әскери билеттерді заңсыз бергені үшін азаматтардан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Ол 5 сәуірде тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат таратылуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама