×

Текеліде пакетті парашют етіп ойнаған бала 5-қабаттан секіріп кеткен

Оқиға кеше сағат 12:20-да болған

 Еркеғали Болатұлы 26.04.2023 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Текеліде 8 жасар бала 5-қабаттың терезесінен полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, секіріп кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға кеше сағат 12:20-да болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала полиэтилен пакетімен ойнап жүріп, парашют етіп, 5-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Қазір баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды, - деді құтқарушылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама