×

Шілдеден бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелген курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді

Бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатыса алады

 Халық үні 26.04.2023 | 10:05
фото: Halyq Uni

Қаржы министрлігі пилоттық жобаны әзірледі: 1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді. 

Қаржы министрлігі бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану тізбесі пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу қызмет түрімен толықтырылғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама