×

Абай облысында алқабилер сотының алғашқы айыптау үкімі шықты

Үржар ауылының тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2023 | 16:08
фото: ашық дереккөз

Абай облысында алқабилер сотының қатысумен алғашқы айыптау үкімі шықты. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, осыдан бір жыл бұрын екі баланың әкесін өлтірген күдікті ұсталып, сотталды.

Абай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен кәнісін мойындаған Үржар ауылының тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның кінәсі толық дәлелденді. Сотталған азаматқа былтыр жол үстінде автокөлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің тоқтамағаны мүлде ұнамаған. Сол себепті ол кісіні өлтірген.

Алқабилер соты жыл басынан бері аса ауыр қылмыстық істерді қарап келеді. Онда шешім қабылдау кезінде үлкен жауапкершілік жүктеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама