×

Алматыда жүргізуші құрма таратып жүрген жасөспірімді қағып кетті (ВИДЕО)

15 жастағы футболшы қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 21.04.2023 | 12:14
фото: видеодан кадр

Алматыда Ораза айында құрма таратып жүрген жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол оқиға камераға түсіп қалған.

Кадрдан баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені көрінеді. Сол кезде жеңіл көлік жылдамдықты азайтуға үлгермей, құрма таратып жүрген баланы қағып кетеді.

Оқиға Абай даңғылында «Жетісу-3» шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған. Көлік қаққаннан кейін жасөспірім дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда оны дәрігерлер ажалдан арашалай алмаған. Ол ауруханада қайтыс болды.

Қазір бала жасының 15-те болғаны, футболмен айналысқаны белгілі болып отыр.

Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама