×

Петропавлда әйел 5-қабаттан құлап, мерт болды

Қазір істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 19.04.2023 | 09:09
Фото: smi24.kz

Петропавлда 67 жастағы әйел 5-қабаттан құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Петропавл қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Н. Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазір істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама