×

Шымкентте 3 мыңнан астам үй газсыз қалды

Құзырлы мекемелердің келісімінсіз жер жұмыстары кезінде Ду-225 миллиметр газ құбыры зақымданған

 Ая Өміртай 16.04.2023 | 11:37
фото: yujanka.kz

Шымкенттің бірнеше шағынауданы газсыз отыр, деп хабарлады Halyq Uni.

«Асар-2 шағын ауданында құзырлы мекемелердің келісімінсіз жер жұмыстары кезінде 225 миллиметр газ құбыры зақымданған. Осы себепті Асар шағын ауданы, «Асар-2»  шағын ауданы, Шымкент қалалық шағын ауданында көгілдір отын уақытша ажыратылды. 2800 тұрғын үй және 900 жер үй газсыз отыр», - делінген хабарламада.

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама