×

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін

Қазір зауытта тексеру жүргізіліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 14.04.2023 | 14:44
фото: ашық дереккөз

Биылдан бастап Экология министрлігіне табиғатты қорғау заңнамасын жиі бұзатын кәсіпорындардың жұмысын сот арқылы тоқтату құқығы берілді.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, министрлік алғаш рет бұл құқықты Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты қолданғысы келеді.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиевтің айтуынша, қазір заңнамаға өзгертулер енгізілді. Табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзғаны үшін сот Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығарындылардың пайдалануға берілген экологиялық рұқсатын бір айға тоқтатқан. Алайда екінші сатыдағы сот өндірісте төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту үшін зауыттың төтенше жағдайда заң бұзушылыққа жол бергенін алға тартып, бұл шешімнің күшін жойды.

Қазір зауытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тағы да заңбұзушылық анықталса, зауыттың жұмысын тоқтату туралы материалдар қайтадан сотқа беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама