×

Жамбыл, Түркістан облыстарында жанармайды сыртқа шығарған жүргізушілер жауапқа тартылды

Оларға көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды

 Динара Амантай 14.04.2023 | 13:38
Фото: polisia.kz

Жамбыл және Түркістан облыстарында 10 сәуірден бастап ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. Бұл құқықбұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігі бойынша («Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару») әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Іс-шараның үш күнінде осындай құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды. Оларға көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама