×

ҰҚК Сириядан қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды (ВИДЕО)

2019 жылдан бері террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған, оның ішінде 34 жетім бала қайтарылған

 Динара Амантай 14.04.2023 | 12:34
Фото: abai.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан аса уақыт бойы жүргізілген.

Қазір бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

Айта кетсек, 2019 жылдан бастап ҰҚК елге террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы қайтарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама