×

Павлодар облысында әріптесін балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

Ақсу қаласында да 23 жастағы азамат емхана дәрігерін боқтаған

 Динара Амантай 14.04.2023 | 10:18
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында балағат сөздер айтқан тұрғындар жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ертіс ауданында ауыл тұрғынынан жұмыста болған кезде өзіне өрескел, балағат сөздер айтқан әріптесіне шара қолдану туралы өтініш келіп түскен. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жағдайда Ақсу қаласы емханасының дәрігері өзін балағаттаған 23 жастағы азаматқа қатысты шара қабылдау туралы өтінішпен хабарласқан. Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Осы баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15с тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделеді, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама