×

Ақмола облысында 256 отбасы жерінен айырылып қалды

Олар 9 жылдан бері соттасып келеді

 Айнұр Шошаева 13.04.2023 | 11:01
Фото: «Әділдік жолы»

Ақмоба облысының Жақсы ауданында кәсіпкер жалған сатып алу-сату құжаттың көмегімен 17 490 га ауылшаруашылығы жерін иемденіп алған. 256 отбасы 9 жылдан бері өз жерлерін қайтара алмай жүр , деп хабарлайды Halyq Uni. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ-ның атқарушы директоры Дидар Смағұлов жазды

«Мұндай бассыздықты бұрын-соңды көрген емеспін. Ақмола облысының Жақсы ауданының соты Жоғарғы соттың ұсыныстарына қайшы келді. Жоғарғы Сот тұрғындардың тарапын қабылдаған кезде проблема шешілген сияқты еді, алайда іс жүзінде басқаша болды. Лозовое кентіндегі 256 отбасы жер үлестеріне құқықтарын сатып алу-сату шарттарын қолдан жасау арқылы ЖШС пайдасына 17 490 га ауыл шаруашылығы жерінен айырылды», – деді ол. 

Сондай-ақ белсенді сараптаманың сатып алу-сату шартының жалған екенін дәлелдегенін және сот шешімімен келісімнің күші жойылғанын айтты. 

Бұл адамдар 9 жыл бойы соттасып келеді, 70-тен астам сот отырысына қатысты. Жоғарғы Соттың қолдауына да ие болды, бірақ әлі күнге дейін жерді қайтара алмай отыр. Жергілікті «олигарх» әкімдіктің көмегімен жердің қайтарылуына жол бермей отыр, тіпті адамдарды күнкөріссіз қалдырып, құртып жатыр. 256 отбасының көпшілігі әділдікке қол жеткізе алмай бұл дүниеден өтіп кетті. Шындық үшін күрескен тұрғындардың бұл күрестегі табандылығына таңданамын, – деп қосты ол. 

«Әділдік жол» РҚБ жерінен айырылған отбасылардың мүддесін сотта қорғайтын болады. 

«Тұрғындардың әрекетінің заңдылығын Жоғарғы сот пен облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті қолдады. Тек аудандық сот жеке компанияны жақтап, тұрғындардан ЖШС заңгерлерінің қызметін мәжбүрлеп өндіріп алмақ. Ертең біз бұл істі Ақмола облыстық сотында қарайтын боламыз, нәтижесін міндетті түрде жазамын. Бірақ ауыл тұрғындары маған соттағы мәселені шешу үшін 10 жылқының қай жерде бордақыланып тұрғанын көрсетті. Егер Жоғарғы соттың сөзі жүрмесе, әділдікті қайдан іздейміз?» – дейді Дидар Смағұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама