×

Ұлттық экономика вице-министрі екі ай үйқамақта болады

Ілияс Өсеров 2022 жылы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

 Халық үні 12.04.2023 | 17:37
Ілияс Өсеров, фото: gov.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров екі ай үйқамақта болады, деп хабарлайды Halyq Uni. Ақпаратты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі растады.

Соттың хабарлауынша, 10 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобының басшысынан күдікті Ілияс Өсеровке қатысты 2 айға үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш түскен. Бұл Алматы қаласы прокурорының орынбасарымен келісілген.

Бұл өтініш қанағаттандырылып, өтініш қанағаттандырылып, күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 10 маусымына дейін үйқамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Ілияс Өсеровтің аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны туралы айтылды.

Ілияс Өсеров 2022 жылы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. 

Бір жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама