×

Елімізде хирургиялық көмек көрсетудің талабы өзгерді

Кодекске сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру көзделген.

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 09:51
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен хирургиялық (іш, кеуде, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді.
Ведомствоның хабарлауынша, бұйрықпен бекітілген хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты елімізде хирургиялық көмекті ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.

Хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі Халық денсаулығы туралы Кодекске сәйкес медициналық көмектің шарттарына, нысандарына сәйкес баяндалған. Үйде, шұғыл және жоспарлы түрде хирургиялық көмек көрсету бөлімдері енгізілген, – делінген хабарламада.

Жаңа стандартта штат саны, хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру көзделген. Сондай-ақ құжатта сарғаю және іш қуысының сұйықтық жинақтарының дренажы кезінде жекелеген ауыр жағдайларда мамандандырылған хирургиялық көмек орталықтарын ұйымдастыру қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама