×

«Талабын орындау мүмкін емес»: ҚМГ Астанада жиналған жаңаөзендіктерге қатысты мәлімдеме жасады

Астанаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар Энергетика министрлігінің алдында түнеді

 Халық үні 11.04.2023 | 09:47
фото: ulysmedia

Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналған Жаңаөзен мұнайшылары «Өзенмұнайгаз» штатына жұмысқа орналастыру туралы талабын айтты.

Жиналған 70-ке жуық адам – осыған дейін «ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде ұтылған «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

ҚМГ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 1 сәуірде оларға орташа есеппен 700 мың теңге еңбекақысын сақтай отырып, басқа компанияға жұмысқа орналасу ұсынылған. Алайда, жаңаөзендіктердің айтуынша, жұмысты тек 55 маманға ұсынған, ал жұмыссыз қалған 240 адам бар. «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері тендер нәтижелерін жоюды талап етіп, бұл ұсыныстан бас тартқан.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры осыған дейін келіп түскен шағымдар бойынша конкурсқа қатысты тексеру жүргізген. Нәтижесінде заң бұзушылық анықталмалмаған.

Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналғандар «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасуды үзілді-кесілді талап етіп отыр.

Алайда, бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді. Бұл ережелердің моноқала тұрғындарының талабына сай, жұмыс орындарын әділ бөлу үшін қабылданғанын айта кету керек. Осылайша, елордаға келгендердің талаптарын қабылданған құқықтық рәсімдерге қайшы болуына байланысты орындау мүмкін емес, - делінген ҚМГ мәлімдемесінде.

ҚМГ-де елордаға келген жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін арнайы байланыс тобы құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама