×

БҚО-да әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерінен пышақтап кеткен

Оқиға 8 сәуірде 01:40 шамасында Бәйтерек ауданының Переметное ауылында болды

 Еркеғали Болатұлы 09.04.2023 | 09:30
фото: myslo.ru

Батыс Қазақстан облысында ер адам бұрынғы әйеліне бірнеше жерден пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінді. Бұл туралы «Мой Город» басылымы хабарлады.

Әйел тірі, қазір аудандық ауруханада жатыр. Ол мойнынан, кеудесінен және құрсақ қуысынан пышақ жарақатын алған.

Оқиға 8 сәуірде 01:40 шамасында Бәйтерек ауданының Переметное ауылында болды. 33 жастағы ер адам кафенің маңында 28 жастағы бұрынғы әйелін пышақтап, оқиға орнынан жасырынып қалды, – делінген хабарламада.

Полиция әйелдің бұрынғы күйеуі Нұржан Құсайыновқа іздеу жариялады. Қазір «Кісі өлтіруге оқталу» бабымен тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама