×

Шымкентте 12 адамды сарышаян шағып алған

Енді мамырдан тамыздың аяғына дейін сарышаян шаққан науқастар көп болады, - дейді дәрігер

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2023 | 16:37
фото: ашық дереккөз

Шымкентте жыл басынан бері 12 адамды сарышаян шағып алды. Зардап шеккендердің біреуін ауруханаға жатқызуға тура келген.

Мамандардың айтуынша, сарышаяндардың уы, әсіресе, созылмалы сырқаты бар егде жастағы адамдар мен балалардың ағзасына өте қауіпті. Былтыр мегаполисте улы жәндік шаққан 75 адам ауруханада ем алып, тағы 258 азамат амбулаторлық көмекке жүгінген болатын.

Бізге қаралу бойынша былтыр мен биылғы жылдың ешқандай айырмашылығы жоқ. Енді мамырдан бастап тамыздың аяғына дейін сарышаян шаққан науқастар көп болады. Ал одан кейін аз және жарақаттары жеңіл болып келеді, - дейді дәрігер Мадина Ермаханбетова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама