×

Атыраулық жасөспірім Ақтөбеде бір түнде екі көлік ұрлаған

Екіншісі ауладан шыға берген кезде сөніп қалған

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2023 | 15:30
фото: ашық дереккөз

Жедел басқару орталығының «102» арнасына Қ. Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында «Ваз» көлігін айдап әкету әрекеті болғаны туралы хабарлама түсті.

Келген полиция жасағы автокөлік иесінің түнде кілтті көлігінде қалдырып, есікті пультпен жауып кеткенін анықтады. Соны пайдаланған ұры айдап әкетуге тырысқанмен, ауладан шыға берген кезде көлік сөніп қалған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында атыраулық 17 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Алдын ала тергеу барысында оның сол түні жақын маңнан Lada Granta автокөлігін де айдап әкеткені анықталды.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама