×

Қарағандыда балаларға ақша ұсынып, тиіспек болған педофил ұсталды

Кәмелетке толмаған бала күдіктінің ізіне түсіп, тәртіп сақшылары жеткенде оның жасырынған жерін тауып берген

 Еркеғали Болатұлы 06.04.2023 | 16:03
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда қаршадай балаларға тиіспек болған күдікті қолға түсті. Бұл туралы бүгін Almaty.tv хабарлады.

Ұсталған ер адамның 34 жаста екені анықталды. Тұрғындардың айтуынша, ол аулада ойнап жүрген жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен.

Бейтаныс адамның ұятсыз қылығынан шошынғандар сол сәтте жан-жаққа қашқан. Сұмдық жайтты естіген ата-аналар бірден полицияға хабарласқан. Сол сәтте кәмелетке толмаған бала күдіктінің ізіне түсіп, тәртіп сақшылары жеткенде оның жасырынған жерін тауып берген.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-тармағы және 121-бабының 4-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама