×

Қызылордалық оқушы сабақ үстінде пышақталды

Оқушының мектеп ішіне суық қаруды қалай алып кіргені белгісіз

 Еркеғали Болатұлы 05.04.2023 | 13:33
фото: Петр Карандашов

Кеше Қызылорда қаласында №217 мектептің оқушысы пышақталды. Қылмыстық әрекетке сонда білім алатын жасөспірім барған.

Қазір жарақат алған жеткіншектің жағдайы қанағаттанарлық. Оған облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті.

Бүгінде оқушы ауруханадан шығарылған. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Мектепте балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы турникеттер орнатылған. Металл іздегіш құрылғысы да бар. Оқушының мектеп ішіне суық қаруды қалай алып кіргені – біз үшін түсініксіз жағдай. Қазір зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді мектеп директоры Анар Таженова Stan.kz тілшісіне берген жауабында.

Оқушылардың ата-аналары шағымданбайтындарын жеткізген. Ал Қызылорда облыстық білім басқармасы тергеу жұмыстары аяқталғанша ресми ақпарат берілмейтінін алға тартты.

Бұл жағдай өзге ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды. Балаларын мектепке жіберуге қорқып қалған олар құзырлы органдардың тиісті шараларды жүзеге асыруын талап етіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама