×

Ақтөбе облысында үй алғысы келгендер алаяққа алданып қалған

Күдікті әлеуметтік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмектесемін деген

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2023 | 13:22
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында үй алғысы келген бір топ адам алаяққа алданып қалған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша,  Алға ауданы полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алға қаласының 34 жастағы тұрғыны былтырғы жылдың соңында әлеуметтік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмектесе аламын деп төрт адамның ақшасын иемденген. Жәбірленушілердің кейбірі алаяққа қолма-қол ақша берсе, кейбірі банк терминалы арқылы ақша аударған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама