×

Жетісу облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты

Жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған

 Динара Амантай 05.04.2023 | 13:15
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының тұрғыны мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепкер болған. Салдарынан бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше Панфилов ауданында тіркелген. Mitsubishi Galant автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім – Ынтымақ автожолында рөлді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соқтығысқан. Көліктегі 37 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.

Анықталғандай, жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны медициналық куәландырумен расталады.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама