×

Қарағанды облысында сауда орнынан қомақты ақша ұрланды

Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды

 Дастан Жұмабекұлы 04.04.2023 | 13:20
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында сауда орнынан қомақты ақша ұрлаған күдікті ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Абай аудандық полиция басқармасына 21 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші қаладағы сауда орындарының бірінде телефон сататынын айтып, кешке қарай жұмыс аяқталар уақытта жұмыстан бірнеше минутқа шығып кеткенде, белгісіз біреу саудадан түскен 500 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына («Ұрлық») сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама